Транспорт және логистика. Отандық теміржол құрылысының дамуы

Осыдан 25 жыл бұрын елімізде теміржол бөлшектерін шығару жайы мүмкін емес секілді көрінді. Алайда қарқынды дамыған Қазақстанда бүгінде тек теміржол бөлшектері ғана емес, толыққанды жабдықталған локомотивтер мен вагондар да шығарылады. Қысқа уақыт ішінде қазақстандық кәсіпкерлер теміржол бөлшектерін сертификаттау мәселесін де шешті. Енді отандық өндірушілер елімізді ғана емес, шет мемлекеттерді де қамтитын болады.