Құрылыс жобасы. EXPO-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттердің павильондары

фото: Тикетон

EXPO көрмесінде меймандардың тамашалайтын экспозициялары туралы жаңалықтар күн сайын жаңарып отыр. Халықаралық шара аясында әлемнің 100-ден астам елінен келген өкілдер өздерінің тың жобаларын ұсынады. Осыған орай шара барысында ұйымдастырылатын мәдени бағдарламаның ауқымды әрі жан-жақты болатыны анық. Өйткені әр мемлекет өздерінің тек ғылыми жетістіктері жайлы емес, ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін де таныстырады.