Қазақстан мен ҚХР арасындағы іскерлік байланыс жаңа белеске көтерілді

Қазақстан мен Қытайдың Юньнань провинциясы арасындағы сауда-экономикалық байланыс жаңа белеске көтерілді.

ҚХР-ның халықаралық саудаға жәрдемдесу бойынша комитеті мен еліміздің инвестициялық ынтымақтастық агенттігі шәй фабрикалары мен туристік компаниялар арасындағы меморандумға қол қойды. Бұл шара ЭКСПО көрмесі аясындағы Юньнань провинциясы күні деп аталды. Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 30 млн долларға жеткен. Алдағы уақытта Қытай тарапы Қарағанды облысында көмір өндірісіне қолданылатын жарылғыш заттар шығаратын кәсіпорын салуды да жоспарлап отыр. Жоба құны 25 млн доллар тұрады. Сондай-ақ машина жасау, химия өндірісіне ат салысуды көздейді. Әсіресе, аспан асты елінің инвесторлары Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдеріне соның ішінде астық пен ет өнімдеріне және қымызға жоғары сұраныс білдіреді. Іскерлік кездесу барысында жаңа бірлескен өндіріс орындарын құру, тауар айналымын арттыру мәселелері талқыланды.

Юй Цзаньпун, ҚХР Халықаралық сауда палатасының бас хатшысы: 

- ЭКСПО көрмесіне Қытайдың 23 провинциясы қатысып жатыр. Соның бірі-Юньнан. Бұл жақтың қысы да, жазы да өте қолайлы. Туризм индустриясы мен шай өндірісі өте жоғары дамыған. Туризмге қатысты іс -тәжірибелерімізбен бөлісуге қашан да дайынбыз. Юньаньда баламалы энергия көздерін тиімді қолдану жағынан да алдыңғы орында. Бұдан былай да энергетика мен ауылшаруашылық саласында жаңа технология енгізуді қарастырамыз.

Сағым Қыдырбеков, Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің кеңесшісі:

- Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдеріне аса қызығушылық білідіріп отыр. Біздің өнімдер экологиялық жағынан таза деп есептеледі. Қазақстанда қымыз шығарсақ деген жоспарлары бар.