Транспорт және логистика. Өзбекстан автобусы

Автокөлік ауаны ластаушы негізгі факторлардың бірі. Экологтардың айтуынша, атмосфераға таралатын газдардың жартысы темір тұлпар үлесінде. Әрбір мегаполис экологиялық жағдайын жақсартуға қол ұшын беретін бірден бір экологиялық шешімдер іздейді. Бүгінде таза көлік құралдарына сұраныс артып келеді. «Болашаққа толық қуатпен» - дәл осындай ұранмен көршілес Өзбекстан елі жасыл технологиялармен жабдықталған автобусын ұсынды.