EXPO көрмесі кезінде көзге түскен Ұлттық ұлан жауынгерлері марапатталды

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде ерен еңбегімен көзге түскен Ұлттық ұлан жауынгерлері марапатталды.

Сөйтіп жарты мыңнан астам әскери қызметкерге төсбелгі, медаль, мақтау қағазы мен Ұлттық ұланның символы бар сағаттар табысталды. Сондай-ақ 20-ға жуық офицер мен сарбазға әскери атақ мерзімінен бұрын берілді. Айта кеткен жөн, елімізде өткен «ЭКСПО2017» көрмесі кезіндегі тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұланның шамамен бір жарым мың жауынгері жұмылдырылған.

Евгений Сё, 5573 әскери бөлімі штаб басшысының орынбасары:

– Біздің басты мақсатымыз «ЭКСПО-2017» шарасын өткізу кезінде қазақстандықтар мен елімізге келген шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Осы жүктелген міндеттерді абыроймен атқара алдық деп ойлаймын. Соның арқасында елордадағы халықаралық шараны өткізу барысында жұрттың көңілін бұзып, қауіп тудыратындай оқыс жағдайлар тіркелген жоқ.

Қуаныш Нәсиболла, кинолог маман:

– Қызмет барысында қызметтік итім – Ланамен тексеріс кезінде бір автокөлікті көрсеткен болатын. Ол автокөлікте бір жұма аралығында бақшаға арналған селитра тасылған болатын. Селитра жарылғыш зат ретінде қолданылады. Қызметтік итім сондай көрсеткіш көрсетті. Және де 6 шілде күні көрменің автотұрағында келген көрерменнің автомобилі өртеніп, соны өрт сөндірушілер келгенше сөндіруге көмектескен болатынбыз.