Ақылды қала. Тозығы жеткен көліктерді жою бағдарламасы

Елімізде былтырдан бері тозығы жеткен автокөліктерді жою бойынша бағдарлама жұмыс жасауда. Оның аясында республиканың 17 қаласында қабылдау бекеттері ашылған болатын. Ал Қарағанды қаласында ескі көліктерді жою бойынша зауыт іске қосылған еді. Енді жылжымалы қабылдау бекеттері ауыл-аудандарды аралайтындығы жөнінде мәлімет таратылуда.