Елордалық кинологтар иттің көмегімен жүздеген қылмыстың бетін ашты

Қылмыскердің ізіне түсіп, көп ұзатпай құрықтауда иісшіл иттердің пайдасы зор.Мәселен, елордалық кинологтар қызметтік иттердің көмегімен жүздеген қылмыстың бетін ашты. Ал адамдарды құтқаруға атсалысқан иттерді қалай баптайды?

Кинологтар қабілетті, икемді иттерді баптап, әр бағыт бойынша дайындайды. Мәселен, бірі есірткіні тауып, жарылғыш заттарды іздеуге жаттықса, өзгесі қылмыскерді іздеуге немесе күзет қызметіне дағдыланады. 

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Вия, Гретта мен Корона - ұялас иттер. Олар өте сезімтал  болып келеді. Күзету, тінту, құтқару сынды тапсырмаларды орындауға үйретілген соң мамандардың көмекшісіне айналады. Иттер есірткінің қайда жатқанын және жарылғыш заттың қай жерде екенін анықтап, қылмысты әшкерелейді.

Рауан Дәулетов, ҚПД кинологиялық қызмет орталығы бастығының орынбасары, полиция майоры:

- Вия есірткі іздеу бойынша оқыды,дайындады. 2014 жылдан бері көптеген қылмысты анықтады. Оперативтік қызметке шығады. 100-ден аса кг есірткі тәркіледі. Иісті табуды үйретіп жатырмыз. Әр итті бір бағытқа қою алдында тесттен өтеді. Күніне түске дейін жарты сағат, түстен кейін 30 минут. Көп уақыт өткізуге болмайды, Мазасы кетіп, келесі жол шыққысы келмей қалады. Өзінің методикасы бар.

Иттің тілін түсініп, оның анатомиясын, психологиясын зерттеуге көп уақыт кетеді. Қазіргі уақытта «Гретта» есімді овчарка із кесіп жүр. Ал «Корона» есірткі іздеуге машықтанып жатыр.

Дастан Қойшығарин, аға инспектор-кинолог:

- Әр иттке өзінің подходы болады. Доп арқылы үйретеміз. Допты тістейді. Есірткі заттарды оңай жерлерге жасырасың , сосын итке допты береміз, жұмысын тәмамдаған біледі.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Виа 8 жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр. Қазір эксперимент жасап көрейік. Есірткінің баламасын жасырып көрейік, ит оны таба алады ма зерттейік.

Мамандардың айтуынша, іздестіру жұмысының нәтижелі болуына иттің көмегі зор. Әр кинологқа екі төбеттен берілген. 2018 жылы «ВИА» есімді овчарка 53 келі есірткі затын тауыпты. Кинологтар жеті қазынаға баланған төбет санын көбейтуді көздейді.

Авторлар: Наргиз Бекмағанбетова, Ерзат Зайытхан