423,83 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сайлау күні тұрақты жұмыс істейтіндер коронавирусқа қарсы тексеруден тегін өтеді

  • 350
  • UPD: 18:17, 03.01.2021
Сайлау күні тұрақты жұмыс істейтіндер коронавирусқа қарсы тексеруден тегін өтеді

Сайлау кезінде қауіптілігі «қызыл» және «сары» аймақтардағы сайлау бөлімшесінде тұрақты жұмыс істейтіндер 5-9 қаңтар аралығында коронавирусқа қарсы тесттен өтуге тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни сайлау комиссиясының мүшелері, байқаушылар және депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерін вирусқа тексеру тегін жүргізіледі. Оған қажетті қаржы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен алынады. Әзірге сомасы белгісіз. Өйткені байқаушылар тізімі әлі де нақтыланып жатыр. Сондай-ақ сайлау бөлімшесінде дауыс берушілердің температурасы өлшеніп, арақашықтық сақталуы қажет. Ал егер сайлаушының дене қызуы 37 градустан жоғары болса, таңдауын арнайы оқшауланған бөлмеде жасайды.

Хабар 24 телеарнасы