Сауда үйлерінде санитарлық талаптар сақтала ма?

Сауда үйлерінде санитарлық талаптар сақтала ма?

Санитарлық талапты бұзатындар Нұрсұлтан қаласында да аз емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін тексерушілер сауда үйлерін аралады. Бірақ бұл жолы ешкімге айыппұл салынған жоқ. Тек ауызша ескерту жасаумен шектелді. Мамандар бетперде кимейтін, арақашықтық сақтамайтын тұрғындардың көп екенін айтады. Сосын келушілер санын шектеуі тиіс сатушылар да бұл жағдайға мән бермейді. Жарты жылда елордада мың жарымға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Оларға салынған айыппұл көлемі 280 млн теңгеден асады.