419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау учаскелерінде камераларға қағаз жапсырылғандығы жөніндегі ақпаратқа түсінік берілді

  • 82
  • UPD: 16:15, 10.01.2021
Сайлау учаскелерінде камераларға қағаз жапсырылғандығы жөніндегі ақпаратқа түсінік берілді

Елордадағы бірнеше сайлау учаскісінде бейнебақылау камераларының бетін жауып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны біздің әріптестеріміз де байқап, дереу түсіріп алды. Сөйтсек, саяси доданы ұйымдастырушылар мұны әдейі жасаған екен. Бас прокуратура өкілдері «әлгі камералар дауыс беретін кабиналарды да түсіреді» дейді. Сондықтан дауыс беру құпиялығын сақтау үшін мамандар камералардың бетін жабыстырып қоюға мәжбүр болған.

Азамат Сарғазин, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі:

- Камералардың бетін неліктен скочпен жабыстырып тастағанын түсіндіргім келеді. Әлгі жабдықтар дауыс беру кабиналарын да түсіреді. Ал бұл – дауыс беру құпиялығына қайшы. Сондықтан кабиналарға жақын орналасқан бейнебақылау камераларының бетін скочпен жауып тастауымызға тура келді.

Хабар 24 телеарнасы