COVID-19: елімізде 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды

COVID-19: елімізде 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды

13 қаңтардағы мәлімет бойынша 23 524 адам короновирус инфекциясынан (11 673 КВИ+ және 11 851 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 5 732 пациент стационарда, 17 792 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандардың арасында:
• 267 адамның жағдайы ауыр;
• 58 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.