Семейдегі оң жағалау тұрғындарының жылу мәселесі оң шешімін таппақ

Семейдегі оң жағалау тұрғындарының жылу мәселесі оң шешімін табады.

Бұл туралы «Жылукоммунэнерго» кәсіпорнының басшылығы хабарлады. Қатты аяз күндері орталықтағы 3 қазандықтан жылытылатын көп қабатты тұрғын үйлер салқындап кеткен болатын. Өйткені бұл нысандар толық қуатымен жұмыс істегеннің өзінде жеткілікті жылу бере алмай жатқанын мамандар мойындап отыр. Олардың пікірінше, керісінше, сол жағалауда жылу мөлшері артық. Осыдан 3 жыл бұрын I жылу орталығын модернизация жасауға мемлекет қазынасынан 20 миллиард теңгеден артық қаражат бөлініп, заманауи құрал-жабдықтар орнатылған.

Расылхан Жолдасов, жылу таратушы мекеме директоры:

- Болашақта бұл тапшылық мәселесі оң шешімін табады. Біз ол үшін арнайы жоспар құрып отырмыз. Яғни келесі жылу маусымына дейін сол жағалаудағы жылудың артық мөлшерін оң жағалауға тасымалдаймыз. Ескі көпір арқылы құбыр тартылып, жұмыстар қолға алынады.

Сондай-ақ...