Алматыда контрабандамен күрес тарихындағы көлемі жағынан екінші героин партиясы жойылды

Алматыда контрабандамен күрес тарихындағы көлемі жағынан екінші героин партиясы жойылды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Жетісу көлік прокуратурасының үйлестіруімен, арнайы комиссияның қатысуымен жалпы салмағы 1,1 тоннадан асатын героиннің аса ірі партиясын жойды.

Есірткіні комитет қызметкерлері Германияның қылмыстық кеден полициясымен бірлесіп, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Литва, Польша және Нидерланд құқық қорғау және кеден қызметтерінің көмегімен өткізген халықаралық арнайы операция нәтижесінде тәркілеген.

Осылайша, 2019 жылдың қазан айында Қазақстан аумағына «өңделген мәрмәр» деген атаумен жүк әкелінді. Нидерландқа жөнелтілген тауарды тексеру кезінде тергеушілер героин бар 2208 брикетті анықтады. Ұйымдасқан қылмыстық топ есірткі транзитін Ираннан Еуропалық Одақ елдеріне өткізуді жоспарлаған, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Аталаған есірткінің бір бөлігі, Қаржы мониторинг қызметкерлерінің бақылауымен Германияға жеткізілді, мұнда тауарды алу кезінде Түркия елінің азаматтары ұсталған болатын.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 286-б. 4-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (есiрткi, психотроптық заттармен, сол тектестермен байланысты айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың аса iрi мөлшерде жасалған контрабандасы).