ҚР ДСМ: Қазақстанда ковидке қатысты жағдай нашарлап кетті

ҚР ДСМ: Қазақстанда ковидке қатысты жағдай нашарлап кетті

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 164 477-ге жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі әрі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

Қиясовтың айтуынша, қазір ауруханаларда 5732 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жансақтау бөліміндегі науқастардың саны 357. Соңғы мәлімет бойынша, коронавирустан 2377 адам қайтыс болған. Көз жұмған тағы 530 адамның сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.

Вице-министрдің айтуынша, соңғы бір айда елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап кеткен. Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты Қостанай және Ақмола облыстары «қызыл аймақта» тұр. Ал  Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар, Атырау облыстары әзірге «сары аймақ» қатарында.   

COVID-19: Қазақстан «сары аймаққа» енді