Қазақстанда жүру рұқсатының мерзімі өткен иммигранттар елден еркін шыға алады

Қазақстанда уақытша болуға рұқсат қағаздарының мерзімі өтіп кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, елден шығуына рұқсат беріледі.

Бұл туралы еліміздің ішкі істер министрлігі хабарлады. Көші-қон туралы заңға сәйкес, еңбекші иммигранттың Қазақстанда тұру мерзімі 12 айдан аспауы тиіс. Бірақ коронавирус инфекциясына байланысты шекаралар жабылып, жүріп-тұру қиындады. Сондықтан өз еліне қайта алмай, Қазақстанда қалып қойған, бірақ құжаттарының мерзімі өткен азаматтар 2021 жылдың 5 маусымына дейін көші-қон полициясында өз статусын реттеуі тиіс.

Министрліктің хабарлауынша, құқықтық мәртебесін заңмен реттемеген шетелдік азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Сабыржан Сейітжанов, ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары:

- Шетелдіктердің азаматтығы бар елмен немесе тұрақты тұратын елмен тікелей көлік, әуе, авто және теміржол қатынастары болмаған жағдайда, сондай-ақ жаяу және транзиттік жолдар болмаған жағдайда шетелдіктерді және азаматтығы жоқ азаматтарды сот шешімімен елден шығару шешімінің мерзімін өздігінен орындауды тоқтатады. Шетелдіктерден елде болу мерзімі 2021 жылдың 5 маусымына дейін ұзартылады. Визалар уақытша тұруға рұқсаттар.