Ақмола облысында 3 млн гектарға жуық жер пайдаланылмай жатыр

Ақмола облысында 3 млн гектарға жуық жер пайдаланылмай жатыр

Мұны сала мамандары ғарыштық бақылау арқылы анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуларынша, бос жатқан жерлердің 300 мыңы ғана егістікке, ал қалғандары жайылым үшін берілген. Бірақ олар қазір игеріліп жатқан жоқ. Алайда аймақта 1 жарым млн гектардан астам жайылым жер жетіспейді. Құзырлы органдар жерді жалға алушылармен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады. Қазірдің өзінде игерілмеген алқаптар біртіндеп мемлекет иелігіне қайтарыла бастаған.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жерлері бүгінде ғарыштан бақыланады. Пилоттық жоба қазір Ақмола, Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып жатыр.

Алмагүл Қадыралина, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Қазір заң тұрғысынан біз пайдаланылмай жатқан жерлерді жалға алушылардан алып, мемлекет меншігіне қайтаруға құқығымыз бар. Бүгінде осылай 934 гектар жер қайтарылды. Тағы 1 мың гектардан астам алқапты мемлекетке өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 27 мың гектар жерді елді мекендердің аумағына қосамыз.