2020 жылы 936 мыңнан астам адам АӘК алды

2020 жылы 936 мыңнан астам адам АӘК алды
elorda.info

2020 жылдың қорытындысы бойынша 184,7 мың отбасындағы 936,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Бұл мақсатқа бюджеттен 75,3 млрд теңге бөлінді.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға тағайындалады, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2020 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 218,2 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама алды.

Естеріңізге сала кетейік, 119,7 мың отбасындағы 614,3 мыңнан астам қазақстандыққа 2020 жылғы IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.

АӘК алушыларға бұдан бұрын, II және III тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындау ұзартылған болатын.

Сонымен қатар, аталған практика 2021 жылғы 1 тоқсанда барлық АӘК алушыларға қолданылды, бұл шаралар халық арасында вирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.