Қазақстанға ПТР-анықтамасыз келген 201 жолаушыдан сынама алынады

Қаңтардың 26-сы күні елге 1 653 қазақстандық оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Германия, Корея, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген. Оның ішінде 201 жолаушыда ПТР-анықтама болмаған. Естеріңізге сала кетейік, шетелден келетін жолаушылар үшін коронавирусқа тест тапсыру міндетті. Сондай-ақ 25 қаңтарда анықтамасыз келген 137 жолаушының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.