Елімізде браконьерлер бір айда 8 млн 642 мың теңге шығын келтірген

Елімізде браконьерлер бір айда 8 млн 642 мың теңге шығын келтірген

Қазақстанда жыл басынан бері браконьерлердің кесірінен жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне келтірілген зиян 8 миллионаннан астам теңгені құрады.

Жыл басынан бері ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті браконьерлік фактілерді ауыздықтау мақсатында 50-ден астам рейд жүргізді. Нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 73 фактісі анықталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

52 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 17 материал сот органдарына жолданды, сондай-ақ облыстық аумақтық инспекциялардың материалдары бойынша құқық қорғау органдары 4 қылмыстық іс қозғады.

Сонымен қатар, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардан сот шешіміне дейін 9 қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдары, бір атыс қаруы және 1655,4 кг заңсыз ауланған балық тәркіленді. Құқық бұзушыларға 611,6 мың теңге сомасында айыппұл салынды, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне келтірілген алдын ала залал – 8 млн 642 мың теңге.

Көрсетілген кезеңде инспекторлар облыстың балық шаруашылығы су айдындарынан 5 км астам қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарын (моножіптен және моноталшықтардан жасалған торларды) тапты және оны су айдынынан алып тастады, жойды.

Сондай-ақ қысқы кезеңде балықтың қырылуының алдын алу мақсатында тұрақты негізде тұманға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Бүгінгі таңда 265 шұңқыр, 43 жолақ кесіліп, 250 қамыс шоғыры орнатылды, аталған жұмыстарға 18 бірлік техника мен 58 адам жұмылдырылды.