ШҚО-да бірқатар бағытқа жол жабық

ШҚО-да бірқатар бағытқа жол жабық

Күн райының қолайсыздығына орай Шығыс Қазақстандағы тас жолдарда жүру қиындады.

Сондықтан қазір Шемонайха ауданынан РФ шекарасы арасындағы жол бөлігі жабық. Сонымен қатар үш бағыттағы көлік қатынасына шектеу қойылды. Глубокое ауданынан Шемонайха ауданына дейінгі Өскемен-Семей бағыты және Өскемен Риддер бағыттарында тіркемесі бар жүк көліктері және жолаушылар автобустары қатынай алмайды. Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, аталған аймақтарда бұрқасын соғып тұр.