Tengri Bank-тің экс-менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды

Tengri Bank акционерлік қоғамы әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры Бақытов Алмас Бақытұлы мен оның бақылауында болған компанияның жетекшісі Рахметова Тоғжан Тілеужанқызына халықаралық іздеу жарияланды.

Оларға банк қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Жоғарыда аталған азаматтарды көргендер болса, іздеумен айналысып жатқан қаржы мониторингі агенттігіне хабар бере алады.