Алексей Цой отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып салдырады

Алексей Цой отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып салдырады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық Qaz Covid-in вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырады.

Бұл туралы министр ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Ресейлік «Спутник-V» вакцинасы бізге келгенін білесіздер. Денсаулық сақтау министрлігіндегі, өңірлердегі және денсаулық сақтау басқармаларындағы әріптестеріміз, басқа да медицина қызметкерлері сол вакцинаны салдырды. Бұл екпе тиімді әрі қауіпсіз. Сондай-ақ елімізде Qaz Covid-in отандық вакцинасы өндіріліп жатыр. Оның технологиясы кішкене өзгешелеу. Ол инактивті болып табылады. Клиникалық зерттеудің барлық кезеңі ерекше бақылауда. Қазір соңғы үшінші фазасы өтіп жатыр. 3 мың ерікті бұл вакцинаны алды. Вакцина жақсы тиімділігін көрсетті», - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сондай-ақ ол отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып салдыратынын айтып өтті.

«Мен денсаулық сақтау министрі ретінде қазақстандық вакцинаны қолдағым келеді. Екпе ресми түрде шыққан кезде алғашқылардың бірі болып осы вакцинаны салдырамын», - деді А.Цой.