Қарағанды облысында микрокредиттік ұйымға шабуыл жасаған екі адам ұсталды

Қарағанды облысында микрокредиттік ұйымға шабуыл жасаған екі адам ұсталды

Қарағандыда микрокредиттік ұйымға қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

9 ақпан күні белгісіз екі адам қаладағы шағын несие беру мекемелерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Олар кассирді «мекемені жағып жібереміз» деп қорқытып, ақша алып кеткен болатын.

«Криминалдық полиция қызметкерлері өткізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 19 және 28 жастағы екі азамат ұсталды. Ұсталған азаматтар жасаған қылмыстарын мойындады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.