Мальдив аралдарынан келген жолаушыдан COVID-19 анықталды

Мальдив аралдарынан келген жолаушыдан COVID-19 анықталды

15 ақпанда 383 қазақстандық шетелден ПТР-тест тапсырмай келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың біреуінен коронавирус анықталды. Инфекция жұқтырған адам Мале – Алматы рейсімен елге оралған. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Ал 16 ақпанда ел аумағына 13 халықаралық рейс қонған. Германия, Корея, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Мысырдан екі мыңға жуық адам келген. Олардың 80%-іне ПТР-тест анықтамасы болған. Ал тиісті құжатсыз оралған 213 азамат карантиндік стационарға жіберілді.