Теңіз кенішіндегі стационарда 284 науқас емделіп жатыр

Теңіз кенішінде коронавируспен ауыратын науқастар саны азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырғы күзден бергі ең төменгі көрсеткіш тіркелді. Қазір ондағы стационарда 284 адам емделіп жатыр. Бұл туралы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Дегенмен, кеніш – әлі де болса ірі ауру ошақтарының бірі. Аймақ бойынша да эпидемиологиялық жағдай алаңдатады. Өткен тәулікте 38 адамнан вирус анықталған. Жартысынан астамы өндіріс орындарында жұмыс істейді. Облыстың бас санитар дәрігері карантин мерзімін ұзартты. Қазір ауруханаларда 100, үй жағдайында да осынша адам ем қабылдап жатыр.