423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

COVID-19: ауру белгілері екі жыл сақталуы мүмкін

  • 369
  • UPD: 19:48, 17.02.2021
COVID-19: ауру белгілері екі жыл сақталуы мүмкін

Коронавируспен ауырғандарды екі топқа бөлуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл онковид және постковидтік синдромдар. Онковидтік синдром кезінде инфекция белгілері үш апта сақталады. Ал постковидтік синдромда аурудан айығып шықсаңыз да, оның симптомдары үш айға дейін кетпейді. Отандық дәрігерлер осындай тұжырымға келген. Былтыр қарашада елордадағы ұлттық кардиохирургия орталығында алғашқы постковидтік синдром орталығы ашылды. Коронавируспен түрлі деңгейде ауырып шыққан 400 адам тексеруден өтті. Олардың бір бөлігінде герпес және цитомегаловирусы белсенді сақталған. Енді бірінің ағзасында Д және В12 дәрумендері жеткіліксіз болған. 190 науқаста мидың когнетивтік қызметі бұзылғаны байқалды. Бақылауда болған екі науқаста коронавирустан кейін қант диабеті анықталды.

Сәуле Қасенова, кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ профессоры:

– Өкінішке қарай коронавируспен ауырғандардың 20% жуығында ауру симптомдары сақталады. Бұл бағытта зерттеулер жүріп жатыр. Әзірге нақты ақпарат жоқ. Бірақ COVID-19-дың клиникалық белгілері үш айға дейін білінеді. Ал осы инфекцияның ауыр түрімен ауырғандарда екі жылға дейін сақталуы мүмкін. Індеттің кең тараған белгілері: құрғақ жөтел, ентікпе, әлсіздік, бас айналу. Кей адамдардың ұйқысы бұзылып, есте сақтау қабілеті нашарлайды. Дегенмен постковидтік симптомдарды емдеуге болады. Ол үшін арнайы орталықтар бар. Ауруханаға бара алмайтындар қашықтан дәрігерден кеңес ала алады.

Хабар 24 телеарнасы