Семейлік дәрігерлер COVID-19 қарсы екпенің екінші дозасын алды

Семейлік дәрігерлер COVID-19 қарсы екпенің екінші дозасын алды

Ресейлік «Спутник V» препаратымен вакциналау қаладағы үш емханада жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұқпалы дерттің алдын алу науқанына жедел жәрдем және перинаталдық орталық мамандары қатысты. Ақпан айының басынан бері шаһарда 650 адам екпе алып үлгерген. Олардың тек біреуінде ғана аллергиялық кері әсер байқалыпты. Бірінші кезең аясында вакцинаны енді мұғалімдер, полицейлер, арнайы қызмет өкілдері және созылмалы аурулары бар қала тұрғындары салдырады деп жоспарланған.

Еркебұлан Оралғазин, перинаталдық орталық қызметкері:

– Мен 21 күн бұрын вакцина алған болатынмын. Ол кезде менің дене қызуым көтерілді, басым ауырды. Бірақ иммундық жүйенің жалпы реакциясы болды, соның арқасында вирусқа қарсы иммунитет түзілді. Бүгін ревакцинация алып отырмын, 21 күн өткенде өзімді жақсы сезініп тұрмын, ешқандай реакция болған жоқ.