Елордалық мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды

Елордалық мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды

Бүгін елордада мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда бұл топқа жататын 15 мыңнан астам адам бар. Екпе науқанын жүргізу үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 36 ұйымда егу бөлмелері ашылды. Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілер вакцинаны білім беру мекемесіне бекітілген жер бойынша қабылдайды. Елде коронавирусқа қарсы вакинаны егу 1 ақпанда басталды. Содан бері екпені 2126 адам қабылдады. Өткен жексенбіде екпенің қосымша 7 мың дозасы әкелінген.

Зибагүл Қаратаева, №27 мектеп-лицейдің мұғалімі:

– Бұл менің өзімнің келісімім бойынша, денсаулығымды сақтап қалғым келеді. Сондықтан өз еркіммен келдім. Тіпті бұл вакцинаны алмай тұрпғанның өзінде де туыстарыма, әріптестеріме, жолдастарыма міндетті түрде алу керектігін айтып жүремін.