Нұр-Сұлтанда қоғамдық орындардың жұмыс істеу тәртібі бекітілді

Нұр-Сұлтанда қоғамдық орындардың жұмыс істеу тәртібі бекітілді

Наурыздың 21-інде елордалық ойын-сауық және сауда орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек ішінде орналасқан азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана ашық болады. Базарлар, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Қазпошта бөлімшелері мен спорттық нысандар да жабылады. Жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейтінін ескерген жөн. Мұнда дезинфекциялық жұмыстар өткізіледі. Демалыста фитнес және спа орталықтары, спорт-сауықтыру орындары мен монша істемейді. Тек «Ashyq» жобасының аясындағы нысандар ғана жұмысын жалғастырады. Бас дәрігердің қаулысына сәйкес, кешеден бастап қоғамдық тамақтану орындарының қызмет көрсету уақыты 22.00-ге дейін қысқарған. Кинотеатрлар мен кинорумдар жабылды.