Шетелге шығатын қазақстандықтар ПТР-тестілеуді өз қалтасынан төлейтін болды

Шетелге шығатын қазақстандықтар ПТР-тестілеуді өз қалтасынан төлейтін болды

Енді шетелге шығатын қазақстандықтар ПТР-тестілеуді өз қалтасынан төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анықтама құны турпакеттің ішіне кіретін болады. Ведомствоаралық комиссиясының отырысында осындай шешім қабылданды. Туроператорлар бұл бастаманы қолдап отыр. Себебі демалушылар уақытын жоғалтпай, келісілген зертханаға барып, тез арада сынақтан өтеді. Ал тест құнын өтеуден бас тартқандарға турпакет сатылмайды. Бұл жаңашылдық туристер санының азаюына әкеп соқтырмайды. «Керісінше, бұл өте ыңғайлы қызмет түрі», - деп есептейді сала мамандары.

Айта кетейік, қазір бірқатар әлемдік әуе компаниялары ПТР-тестілеуден өтпеген жолаушыларды бортқа отырғызбайды.