Ақтөбе облысында дерт жұқтырғандар қайта көбейіп барады

Ақтөбе облысында дерт жұқтырғандар қайта көбейіп барады

Ұлыстың ұлы күнінде «сары аймаққа» енген Ақтөбе облысында да дерт жұқтырғандар көбейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек өткен тәуліктің өзінде 50 жағдай тіркелген. Қалыптасқан ахуалға орай кешеден бері өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша шектеу шараларын қатаңдату қолға алынды. Ал, көпшіліктің қатысуымен өтетін конференциялар, көрмелер, тіпті отбасылық мерекелік кештер және ас беру рәсімін өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ ойын-сауық орындарының қызметі, білім беру мекемелеріндегі асханалар мен банкет залдарының жұмысы тоқтатылады. Қаладағы мешіттерде де ертеңнен бастап жұма намазы уақытша оқылмайды. Жергілікті уақыт бойынша 11:00 ден 15:00-ге дейін есіктері жабық болады. Ал, ауыл, аудандардағы мешіттерде жұманың орнына бесін намазы оқылады.

Нұрбол Смағұлов, облыстық орталық мешіттің наиб имамы:

- Жамағатты барынша сабырлықпен, түсіністікпен қарауға шақырамыз. Оның барлығы Исламдағы денсаулық білесіздер, парыз болып есептеледі. Сүйіншілейтін мәселе, алдағы уақытта бізде қасиетті Рамазан айы келе жатыр. Рамазан айы кезінде де Алла қаласа, иық тіресіп, бір сапта Алла Тағала үшін оразаны ұстап, Рамазан айларында тарауых намазын оқуды жазсын деп тілейміз.