Елімізде коронавирус індеті қайта өршіп келеді

Елімізде коронавирус індеті қайта өршіп келеді

Жалпы алғанда қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті ахуал өте күрделі деп айтуға болады.

Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген ел бастан өткеруде. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр. Мұны коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Азаматтарымыз және бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастады. Бұл, әрине, жағдайды одан бетер ушықтыруда. Дегенмен, көптеген сарапшының айтуынша, биыл жалпы ахуал жақсарып, қайта өсім болып, пандемиядан кейін азаматтардың тұрмыс сапасының артуына мүмкіндіктер бар.