СҚО-да коронавирусқа қарсы вакцина таусылды

СҚО-да коронавирусқа қарсы вакцина таусылды

Бұл мәліметті денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі растап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі соңғы бірнеше күнде өңір тұрғындары жаппай екпе салдырған. Салдарынан өңірге арнайы бөлінген вакцина толықтай игерілді. Бірінші ақпанан бастап бүгінгі күнге дейін 6 мың 862 адам вакцина қабылдаған. Оның 2 мың 208-і екінші компонентін алды. Енді қосымша вакцина сәуірдің 7-9-ы аралығында келеді деп күтіліп отыр.