СҚО «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті

СҚО «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті

Солтүстік Қазақстан облысы «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы күндері өңірде коронавирус індетін жұқтыру дерегі артқан. Мәселен тек өткен тәулікте қауіпті індет 49 адамнан анықталды. Яғни бір аптада аурушаңдық деңгейі 1,3 есеге өскен. Осыған байланысты облыста карантин талаптары күшейтілмек. Балабақшаларда тек кезекші топтар жұмыс істейді. Ұжымдағы жұмысшылар саны 15-тен асса, олардың 50%-і қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Жаңа қаулы 12 сәуірден бастап күшіне енеді.

Арман Күшбасов, облыстық санитарлық-эпедемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Бұдан бөлек, бильярд, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметі тоқтатылады. Еске алу жиындарын өткізуге болмайды. Ал спорттық шаралар көрерменсіз өтуі тиіс. Қоғамдық моншалардың, сауналардың қызметі жексенбіде тоқтатылады. Ал театр мен кинотеатрларда халық саны 20%-тен аспауы тиіс.