А.Мамин қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

А.Мамин қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық мұсылмандар қауымын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

«Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Рамазан айы адамдарды ниет тазалығына, жанашырлық пен мейірімділікке, сабырлылық пен өзара түсіністікке, жақындарына қамқорлық жасауға және мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейді.

Рамазан мұсылмандардың ғана емес, еліміздегі басқа дін өкілдерінің де басын біріктіріп, Қазақстан халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын нығайта түседі.

Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, татулық және игілік тілеймін. Жаратушы жамағатының барлық дұғаларын қабыл етіп, игі істерінің сауабын жазсын!

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин».

Ақпарат көзі: ҚР премьер-министрінің Баспасөз қызметі

Бұған дейін Мемлекет басшысы да қазақ халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Сондай-ақ:

Қазақстанның әр аймағына арналған Ораза кестесі жарияланды

Рамазан айында кіші қажылыққа бару мүмкін бе?

Биыл елордада тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері өткізілмейді

Ауыз бекіткен адам вакцина салдыруына болады – ҚМДБ

Вакцина оразаны бұзбай ма? Биыл тарауық намазы оқыла ма? – ҚМДБ жауабы

Рамазан қарсаңында Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады