Қарағанды облысында 30 мыңға жуық адам екпе салдырды

Қарағанды облысында 30 мыңға жуық адам екпе салдырды

Қарағанды облысында халықты COVID-19-ға қарсы жаппай егу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде егу кабинеттері тек медициналық мекемелерде емес, адам көп баратын ірі сауда-ойын сауық орталықтарында да ашылды.«Спутник V» компонентінің бірінші дозасын 20 мың адам салдырса, екпенің екінші кезеңінен 8 мың адам өткен.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

– Енді қарағандылықтар ойын-сауық орталықтарында жүріп-ақ немесе сауда жасауға келген кезде де екпе салдыра алады. Қарағандыдағы ең ірі екі бірдей сауда орталығында егу орны ашылған. Олар барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Дәрілер талапқа сай сақталады. Ал пациенттің өзімен бірге тек төлқұжаты болса жеткілікті.

Әлихан Сәкенов, қала тұрғыны:

– Жақын жер ғой бізге, осында кеп көршім екеуміз жасатамыз. Балаларға айттым, олар да келіп жасатамыз деп отыр.

Екпе салмас бұрын ережеге сәйкес әр адам анкета толтырып, кейін дәрігер қабылдауында болады. Ал вакцина егілген соң ол кемі жарты сағат бақылауда болады. Қазір облыста 115 арнайы жасақталған егу кабинеті жұмыс істеп тұр. Олар тәулігіне 8 мың адамға вакцина салуға қауқарлы.

Қанат Наурызбаев, емхана директоры:

– Асқыну болған жоқ, осы уақытқа дейін дәрігер ретінде айтайын, 1 сәуірден бастап істеп жатырмыз. Вакцина салу керек. Қазір 500 доза келді. Тәулігіне 150 адамды еге аламыз.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

– Атап өткен жөн, Қарағанды облысы қауіптілік бойынша қызыл деңгейлі аймақтар қатарында. Тәулік сайын кемі 200 адамнан вирус анықталады. Десе де індетті жұқтырғандар мен жазылып шыққандар арасында тепе-теңдік бар. Сәйкесінше жасақталған 4 мың төсек орынның тек 4/1-де науқастар ем алып жатыр.

Дәуренбек Бақдәулетұлы