Атырауға «Спутник V» вакцинасының 17 мың дозасы әкелінді

Атырауға «Спутник V» вакцинасының 17 мың дозасы әкелінді
Интерфакс

Оның 7 мыңы мұнай компанияларының қызметкерлері үшін, ал қалған 10 мың доза қала-аудандардағы емханаларға таратылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы, тұрғындар арасында белсенділік жоғары. Мәселен 760 адам ерікті түрде екпе алды. Қосымша тағы да отандық «QazVac» вакциансының 2000 дозасы келуі мүмкін. Осылайша, шілде айына дейін 60 мыңан астам адам егіледі. Айта кету керек, мұнайлы өңірде соңғы бір күнде 97 науқас тіркелді.

Қайсар Қайратұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазір өздеріңіз білесіздер, вакцина салдыру мәселесі өте ауқымды жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін 15 мыңға жуық азамат вакцина алған болатын және ол жалғасуда. Және халықтан көптеген өтініштер түсуде. Көптеген емханана алды және жұмыстар жалғасатын болады.