Нұр-Сұлтандағы мектептен шұғыл түрде 175 адам эвакуацияланды

Нұр-Сұлтандағы мектептен шұғыл түрде 175 адам эвакуацияланды

«Мектепке жарылғыш қойылды». Бүгін елордадағы оқу орнының электронды поштасына осындай хабарлама келген.

Жұрт дүрлігіп, оқушылар дереу ғимараттан шығарылды. Ұстаздар дереу полицияға хабарлап, барлық жедел әрекет ету қызметтері мектепке жеткен. Алайда жарылғыштың қойылғаны туралы ақпар жалған болып шықты.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі ұсталса ірі көлемде айыппұл төлейді, тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, елордада былтыр дәл осындай 10 дерек тіркелген. Оның барлығында кінәлілер ұсталған.