427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екпе алған адамдар да маска тағуы тиіс

  • 204
  • UPD: 18:38, 14.05.2021

Әлеуметтік желіде вакцина паспортын көрсеткен жағдайда медициналық маска тақпай жүруге болатыны туралы ақпарат тарап кеткен.

Осы ақпаратқа қатысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев былай деп жауап қатты. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық азамат вакцина салдырып-салдырмағанына қарамастан барлық талапты сақтауы тиіс. Ол – маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кездесуінде қазақстандықтардың 60% екпе алған жағдайда ғана маска режимін тоқтату мәселесін қарастыруға болады деген еді. Жалпы 14 мамырдағы ақпаратқа сәйкес, елде 1 790 356 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған.

Хабар 24 телеарнасы