Шымкент қаласы «қызыл аймақтан» шықты
18 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
«Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстары.
«Жасыл аймақта»: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.