Келер айдан бастап елімізде 18 жолдың кейбір бөліктері ақылы болады

Келер айдан бастап елімізде 18 жолдың кейбір бөліктері ақылы болады

Бас аяғы 5 мың 800 шақырым жол осындай жүйеге көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, оңтүстікте Шымкенттен-Қызылордаға және Таразға шығатын бағыттар, Шымкенттен Өзбекстан шекарасына дейін, Қапшағай-Талдықорған, Қарабұтақ-Қызылорда жол бөліктері ақылы болады. Солтүстікте Ресеймен шекаралас аймақтарда, атап айтсақ, Қостанай-Троицк, Павлодар-Омбы жолдары, Батыста Оралдан Саратов және Самара қалаларына дейін. Сондай-ақ Орынбор – Ақтөбе, Щучинск – Петропавл арасындағы жолдар. Ақтөбе – Орал жолы, сонымен қатар Атыраудан Бейнеуге дейінгі және әрі қарай Өзбекстан шекарасына дейінгі жолдар да осы санатқа кіреді. Нұр-Сұлтан – Қостанай, Нұр-Сұлтан – Павлодар бағыттарында да автокөлік иелері енді төлем жасаулары тиіс.