Елімізде 36 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде

Елімізде 36 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде

19 мамырдағы мәлімет бойынша 36 617 адам коронавирус инфекциясынан (36 108 КВИ+ және 509 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 13 452 пациент стационарда, 23 165 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 761 адамның жағдайы ауыр,
  • 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.