Атырау облысында лагерьге баратын балаларға санитарлық талап қойылмайды

Атырау облысында лагерьге баратын балаларға санитарлық талап қойылмайды

Атырау облысында жазғы демалыс лагерьлері 7 маусымнан бастап балаларды қабылдайды.

Олардың жазғы демалысы үшін қазір мектеп жанындағы 166 лагерь дайын тұр. Сондай-ақ қала сыртындағы 3 лагерьде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қала сыртындағы жазғы тынығу орындарында 4 мыңға жуық баланы қамту жоспарланып отыр. Ал мектеп жанындағы лагерьлер 12 мыңнан астам бүлдіршінді қабылдайды. Балалардың жазғы демалысы үшін бюджеттен 287 миллион теңгеге жуық қаражат қарастырылған.

Сатқан Есенғалиев, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

- Лагерьге баратын балаларға санитарлық талаптар қойылмайды, ал тәрбиешілерге қойылады. ПЦР-ден міндетті түрде өту керек. 5 сезон бойынша қамтылады балалар. Пандемияға байланысты шектеу шараларын сақтау мақсатында Железноводскіге балаларымызды жіберуге біздер рұқсат ала алмай отырмыз. Қала сыртындағы лагерьлеріміз балаларды қабылдауға дайын.