«Ол жерде нан таратып жатқан жоқ» – Қарағанды әкімі аттракциондағы төбелес жайлы

Қарағандыда қала әкімінің екі бірдей орынбасары мен мәдениет бөлімінің басшысы сөгіс алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал саябақ директоры жұмыстан қуылды. Аталған шенеуніктер тұрғындардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарағаны үшін жазаланып отыр. Олар балаларды қорғау күніне орай орталық саябақта тегін аттракцион ұйымдастырған. Алайда оның соңы ата-аналардың төбелесімен аяқталды. Халық өте көп жиналғандықтан ұзын-сонар кезек пайда болған. Айта кетейік, Қарағанды өңірі әзірге қызыл аймақта. Соған қарамастан карантин талаптары өрескел бұзылған.

Ермағанбет Бөлекбаев, Қарағанды қаласының әкімі:

– СЭС-тің шешімі бойынша, жалпы Қазақстан бойынша ашық жерде жұмыс жасауға болады. Тек карантиндік режимді сақтау керек. Бұл жағдайда әкімшіліктің және парктің қызметкерлері ғана емес, адамдардың өздері де сақтану керек. Қажет болса, кезекке тұру керек. Егер кісі көп болса, онда басқа жерлерге бару керек. Бәрі баратындай ол жерде нан таратып жатқан жоқ қой, жай ғана карусель