Германияда халықтың 20%-і екпе салдырған

Германияда халықтың 20%-і екпе салдырған

Қазір кәрі құрлықта вакциналау қарқыны үдей түскен. Германия халқының 20%-і, яғни 17 миллион адам екпе салдырған.

Одан бөлек, 38 миллион тұрғын вакцинаның алғашқы компонентін алып үлгерген. Германияда әу баста тек қарт адамдар мен дәрігерлерге ғана екпе салынған. Кейін оларға тәртіп сақшылары, мұғалімдер мен өрт сөндірушілер қосылды. Қазір кез келген адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады. Бірақ ол үшін кезекке тұру керек. Елде Файзер, Модерна, Астра Зенека және Джонсон-джонсон екпелері қолданылады.

 Мириам, Берлин тұрғыны:

– Екпенің бірінші дозасын салдырдым. Жақында екіншісін аламын. Егер ерте қамданбасам, қазір кезек күтіп қалар едім. Бұл індеттен вакцина ғана құтқара алады. ЕуроОдақ мақұлдаған екпелерге сенім артамын.

Бернд, Берлин тұрғыны:

– Елде індет жұқтырғандар саны азайып келеді. Берлинде де бұрынғыдай жиі тіркелмейтін болды. Қазір жасыл аймақтамыз. Шектеу шаралары біраз жеңілдетілді.