Петропавлда карантин тәртібі жеңілдетілді

Петропавлда карантин тәртібі жеңілдетілді

Солтүстік Қазақстан облысында карантин тәртібі жеңілдетілді.

Өңірдің Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап балалар лагерьлері демалыс маусымын толық бастайды. Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелелерге топтарды қосып, ешқандай іс-шара өткізбей жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ал тұрғындар үшін бильярд, боулинг, аквапарк пен ғимарат ішіндегі ойын алаңдары ашылады. Бірақ келушілер саны 30 проценттен аспауы тиіс. Бүгінгі таңда өңірде 40 мыңнан аса адам вакцина салдырған. Облыс қайтадан «жасыл аймаққа» өтті.

Әсет Жұматаев, облыстық Санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Қыста күніне 100 жағдайдан тіркелген болса, қазір күніне 30 жағдайдан аспайды. Ол екпе алып, шектеу шараларын ұстанудың арқасында. Барлықтарыңызды екпе алуға шақырамыз. Медициналық мекемелерде вакцинаның жеткілікті, 3 түрі бар. Барлық жұқпалы аурулардың алдын алудағы ең тиімді жол – вакцина алу.