Қазақстанның вакцинация паспорты санаулы елдерге ғана жарамды

Қазақстанның вакцинация паспорты санаулы елдерге ғана жарамды

Әзірге, Моңғолия, Венгрия және Таиланд екпе паспорттарын өзара мойындау жөнінде өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған қоса, Түркия, Кипр сынды мемлекеттер барлық елдің вакцинация құжатын мойындайды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, еліміздің Сыртқы істер министрлігі шет мемлекеттермен вакцинация паспортын өзара мойындау мәселесін пысықтап жатыр.

Айта кету керек, кез келген елге қолыңда ПТР-тест нәтижесі болса кіруге рұқсат бар.

Ажар Ғинаят, ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

– Біздің ел кей елдермен келісімшарт жүргізіп жатыр. Басқа елдермен келісім болады. Төрт вакцинаның біреуі ДДСҰ-дан өткен. Бірақ барлық мемлекет сол вакцинаны мойындайды деп айта алмаймын. Әр мемлекет өз талабын қойып отыр.