Пандемия емханалар жұмысының маңызын дәлелдеді

Пандемия емханалар жұмысының маңызын дәлелдеді

Мемлекет басшысы елордадағы №103 қалалық емхананың жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жәрдем көрсету және заман талабына сай медициналық құралдармен жабдықталған консультациялық-диагностикалық бөлімді аралады. Жаңа амбулаториялық-емханалық кешен бір ауысымда 500 адамды қабылдайды. Президент медициналық орталықтың ұжымына жедел жәрдем көлігін алуға сертификат табыстады.

Айта кетейік, қазір қаламызда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 36 ұйым бар. Коронавирус пандемиясы осындай мекемелер жұмысының маңызы зор екендігін дәлелдеді.