Коронавирустың «үнділік» штамынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін

Коронавирустың «үнділік» штамы Қазақстанға жетті деген күдік бар.

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі науқастар арасында мутацияның осы түрін жұқтырғандар болуы мүмкін екенін айтып қалды. Себебі елордада вирус жұқтырғандар қатарының күрт өсуіне байланысты ПТР скринингтен өткендер арасында «үнді» штамына ұқсас белгі байқалған. Енді оның нақты нәтижесі ДНҚ үлгілерін толық геномдық зерттеуден кейін белгілі болады. Мамандардың айтуынша, «үнділік» Дельта штамы алдыңғы штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60%-ке жоғары. Бұрын анықталған штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын. Ал, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады. Инкубациялық кезеңі 7 күнге созылады. Сонымен қатар дерт жұқтырғандар буын мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді. Жүрек айнып, лоқсу белгілері байқалады. Ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін. «Дельта штамм» әлемнің 174 елінде анықталған.

Айта кетейік, осыған дейін COVID-19-дың әлемде, оңтүстікафрикалық, бразилиялық және британдық штамдары тіркелген.