Биыл елімізде 452 адам пара алғаны үшін істі болды

Биыл 452 адам пара алғаны үшін істі болды. Оның 132-сі түрмеге қамалды, қалғаны айыппұл төлеп құтылып кетті.

Сотталғандардың дені бюджет қаржысын жымқырған. Арасында қызмет бабын асыра пайдаланып, ақша талап еткендері бар. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы күрес агенттінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі мәлімдеді. Пара алып, қолға түскендердің арасында жемқорлармен күресіп жүргендер де бар. Ондай жағдай Атырау облысында болған. Қазір әлгі қызметкер тергеліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Данияр Бекайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:

- Білім беру саласында пара алатындар азаймай тұр. Шымкентте 23 жағдай тіркелді. Алматы облысында - 14, Шығыс Қазақстан облысында - 13 және Түркістан өңірінде 8 дерек тіркелді. Қолға түскендердің көбі жергілікті басқару органдарында қызмет қылатындар. Олар мектеп директорларынан пара алып келген.